"Альварес Генадан қалай қашты?". Күлкіні келтіреді екен (видео)

Dalanews 09 мам. 2017 06:46 271

Ғаламторда Сауль Альварестің Геннадий Головкиннен қалай қашып жүргені жайында мультфильм жарыққа шықты. Альварестің шамына тиген бұл ролик оның намысын қамшылаған секілді. 

Геннадий Головкинмен  Сауль Альварестің арасындағы жекпе-жек баяғыда өтуі тиіс еді. "Golden Boy" компаниясы Альвареспен кездесу үшін Головкинге белгіленген жалақы беретіні белгілі. Бұдан Канэлоның бұл кездесуден қашып жүргенін байқаған едік. GGG-дің командасы ұсыныстан бас тарту үшін олар неғұрлым аз қаражат ұсынған.

Мамандардың пайымдауынша, Альварес - Головкин жекпе-жегінен 200-300 млн доллар табыс табуға болады, ал олар Геннадийге 40 миллион беріп құтылып кетуді ойлады. "Golden Boy" қазақстандық боксшыға көбірек қаражат ұсына деп те айтылған еді.

Бірақ Альварес бұл жекпе-жектен қашып құтылмайтынын сезген секілді. Сондықтан ол алдағы қыркүйекте Генамен күш сынасуға келісті.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=7w2xbeCV3MQ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x