Тағы да Майгүлге

Dalanews 13 қаң. 2017 17:05 317

Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?!

Отырасың қасыма келесің де.

Сен өлгенсің, жаным-ау, мен тірімін,

Мен тірімін.

Тірімін!

Көресің бе!!!

Көнген жаным жазаға, қазаға да,

Өкпелеме,

Сен енді жазалама.

Шын болса, табысармыз ахиретте,

Әзірще, жаным, мені мазалама!..

Мен деген - тірі жанмын,

Сен - елессің.

Білесің ғой, өлтірген мен емеспін,

Мен үшін артық емес сенен ешкім,

Бірақта, сен - елессің,

Сен - елессің!

Араша тұра алады кім өлімге,

Жата бер мені күтіп түнегіңде.

Әзірге тірі жүрсем бұл өмірде,

Сенің орның оңаша жүрегімде.

Майгүлім, гүлім менің, көгім менің!

Жүрегін қияр дейсің өлімге кім.

Сен - менің жүрегім ең.

Дегенменен,

Елессің, енді маған көрінбегін...

Бір күні,

Бір жылдары,

Бір заманда,

Уақыт қуатымды ұрлағанда,

Шабыттың ақ бастауы құрғағанда,

Шынымен қалам алып, жыр жазам ба! ?

Жүректе от,

Ойда жасын қалмағанда,

Тағы да жыр жазам деп қарманам ба?!

Жастықта жазып кеткен жырымды оқып,

Таңданам ба, кім білсін, алданам ба?!

О, Муза!

Мәңгі жастық!

Қайраи досым!

Қай күні ауар екен сайран досым.

Поэзия - жастық қой жалын ұшқан,

Жас күнде жазғаныңдай қайдан болсын.

О, Жастық!

Сен өлгенде, мен өлемін,

Сенсіз мен қиылған бір бөренемін.

Көнеремін, білемін,көнермін.

Көгере бер мәңгілік сен, өлеңім!..

Жырсыз менің өмірге не керегім,

Жырдан басқа жұртыма не беремін.

 

Мұқағали Мақатаев

Ұсынылған
Халқым барда
Халқым барда 01 қаң. 2017 17:03
Тауға келсең
Тауға келсең 14 қаң. 2017 06:06
Соңғы жаңалықтар
x