Жанболат Мамайдың қамаудағы мерзімін тағы бір айға созды

Dalanews 28 сәу. 2017 05:39 186



Оппозициялық "Трибуна" газетінің редакторы Жанболат Мамайдың қамаудағы мерзімін 10 маусымға дейін созды. Медеу аудандық соты жабық өткен тыңдауда осындай шешім шығарды. Журналист қылмыстық іс бойынша тағылған айыптармен ақпан айынан бері абақтыда отыр.





Жанболат Мамайды 10 ақпанда оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің БТА Банктен заңсыз жолмен шығарған ақшаларын заңдастырумен айналысқан деген күдікпен ұстады. Мамай да, Әблязов те бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

Сотқа журналистерді кіргізген жоқ. Бұған дейін бірқатар халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Қазақстан үкіметінен Мамайды тез арада босатуын сұраған еді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x