Жамбылдың арзан өнімі Астанада саудаланды

Dalanews 27 сәу. 2017 05:25 150

Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және Жамбыл облысы мен Астана қаласы арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту аясында Елорданың «Алатау» спорт кешені аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалпы құны 156,0 млн. теңгені құрайтын 201,0 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылатын болады. Оның ішінде 15 тонна жылқы еті, 7 тонна тауық еті, 11 тонна шұжық өнімдері, 21,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 5,5 тонна өсімдік майы, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 7 тонна балық, 2,5 тонна бал, 2 тонна кептірілген жеміс және 103,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Бас қалаға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мақсатында 11 рефрижератор және сатушы азаматтарға арналған 2 автобус транспорттарымен қамтамасыз етілген. Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады. Сондай-ақ, бұл күндері өңіріміздің дүлділ өнерпаздары астаналықтарға концерттік бағдарламаларын ұсынады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x