Қазақстанда жүргізуші өзінің жол апатына ұшыраған сәтін видеоға түсіріп алды
525
Қазақстанда жүргізуші өзінің жол апатына ұшыраған сәтін видеоға түсіріп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеоны түсіру сәтінде жүргізуші автор мен оның жолаушысы көліктің жылдамдығы жайында айтып келе жатады.»Мынау 240 деген осындай болады Шымкенттiн жолында (Вот что значит 240 км/ч на шымкентской дороге)», — дейді роликтегі адамдардың бірі.
Ер адам өздерінің қасынан сағатына 260 шақырым жылдамдықпен басқа бір көліктің оза шыққанын айтады. Бірнеше секундтан соң, автомобиль жолдың шетіне шығып кетіп жол-көлік оқиғасына тап болады. Осы кезді жүргізуші видеоға түсіріп алған.
Видео Youtube-тегі Роза Есенқұлованың парақшасынан алынды.