Қуат «Найман» Хамитов жеңіліп қалды

Dalanews 21 сәу. 2017 17:05 187

Бүгін Ресейде өткен FIGHT NIGHTS GLOBAL турнирінде ММА бойынша өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов чемпиондық атақ үшін Магомедсайгид Алибековпен жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Хамитовтың жекпе-жегі Ресейдің Владивосток қаласында FIGHT NIGHTS GLOBAL 63 турнирінің басты кездесуі болды.

Кездесу жоспар бойынша 5 раундқа дейін созылды. Екі төреші Магомедсайгид Алибековті жеңімпаз деп таныса, бір төреші жекпе-жек тең аяқталды деп шешкен (49-47, 47-47, 49-45).

Хамитов пен Алибеков жеңіл салмақтағы (70,3 келіге дейіг) әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты. Бүгінгі өткен салмақ өлшену кезінде Хамитовтың салмағы артып кетіп, оның төрешілер кестесіндегі бір ұпайы шегерілген болатын.

Қуат Хамитовтың бұл Fight Nights Global аясындағы екінші кездесуі. Алғашқы жекпе-жегін 2016 жылдың 16 желтоқсаны күні өткізіп, ресейлік Гаджи Рабадановтан басым түскен еді.

 

Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x