Димаш Құдайберген финалда Майкл Джексонның әнін орындайды

Dalanews 13 сәу. 2017 15:03 287

Димаш Құдайберген «Singer 2017» ән байқауының ақтық сынында попури ретінде Майкл Джексонның әндерін орындайды.



Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сай, 12 сәуір күнгі дайындық барысында Димаш өзімен бірге ән шырқайтын қытайлық әріптесі Шаң Венжемен Майкл Джексонның «Dangerous» сияқты әлемдік хитке айналған бірнеше әнін қоса шырқаған.



Қазіргі уақытта Хунань телеарнасының бас ғимаратына ақтық бәсекеге қызу дайындық жүріп жатыр. Финалистердің фотосуреттері ғимарат сыртына ілінді.

Димаш Құдайберген, финал

Айта кетейік, Димаш «Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда ерекше танымалдылыққа ие болды. Қазақ әншісі 23 наурыз күні Шаңхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, 9 сәуір күні Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.

Еске салайық, аталмыш жобаның финалдық кезеңі 15 сәуірде өтеді.

Дереккөз: Inform.kz


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x