Ернар Айдар жол апатына ұшырады (фото)

Dalanews 13 сәу. 2017 08:09 367

Әнші Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Әнші қазіргі уақытта өмірі үшін арпалысып жатыр. Бұл туралы Ернардың әлеуметтік желідегі жанкүйерлер-парақшасы жария етті. 

– Достар, бауырлар! Назар аударыңыздар! Сәуір айының 11-нен 12-сіне қараған түні, Шымкент-Алматы тас жолында Ернар Айдар мінген көлік үлкен жол апатына ұшырады. Не себепті екені әлі белгісіз, Ернардың қазіргі жағдайы да құпия сақталып жатыр! Бар білгеніміз қазіргі уақытта өмір үшін күресіп жатыр! Өзгеріс немесе жаңалықтарды осы парақшаға салатын боламыз! Амандығы мен саулығы үшін дұға етейік, – дейді фан-клуб парақшасының әкімшісі.

https://www.instagram.com/p/BS0HQ0shdHh/?taken-by=ernar_aidar_ea

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x