Тиллерсон: АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы нашарлап кетті (видео)

Dalanews 13 сәу. 2017 05:05 258



Ресей президенті Владимир Путин Кремльде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллеронмен кездесті. Бұл келіссөздер екі елдің қарым-қатынысы Сириядағы жанжалға байланысты суып кеткен уақытта өтіп отыр.





Мәскеуде бірнеше кездесу өткізген Тиллерсонның мәлімдеуінше, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы нашарлап кетті. Ол екі ядролық державаның арасы бұлай болмау керектігін атап өтті.

Мемлекеттік хатшының пікірінше, Мәскеу мен Вашингтонның Украинаның шығысында бейбітшілік орнатуға байланысты тіл табысуы қиынға түседі.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Тиллерсонмен Мәскеудегі келіссөздер "нәтижелі" әрі "ашық" болған, және АҚШ пен Ресей әріптестігі бүкіл әлемге пайда әкеледі. Бұған қоса Лавров батыс елдерін АҚШ пен Ресей диалогына кедергі жасауға талпынды деп айыптады.

[video width="640" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/04/9dd8c920-9fb5-452f-b5a0-19d26c2db8f7.mp4"][/video]



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x