Әншілер фонограммаға тыйым салатын заңға қарсы

Dalanews 05 сәу. 2017 03:57 205

Қазақстандық әншілер фонограммаға тыйым салатын заңға қарсы шығуда. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Жуырда Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстанда концерттерде фонограмманы қолдануға тыйым салуды ұсынды.

Жаңа заң жобасы Түрікменстан елінің заңын негізге ала отырып жасалмақ. Көршілес бұл мемлекетте концертпен қатар тойда да фонограммамен ән салу тыйым салынған.

Ал қазақстандық депутаттар ақша төлеп концертке келген халықты алдауға қарсы. Себебі тыңдарман әншінің даусын есту үшін келеді, ал дайын жазбаны дүкеннен де сатып алуға болады.

Бұл ретте отандық әртістер заңға өзгеріс енгізу туралы ұсынысқа қарсы шығып жатыр.
«Барлық әншілер жанды дауыста дәл жазбадағыдай етіп айта алмайды. Ондай әншілер саусақпен санарлық. Ал өзіме келсем, мәжбүрлі түрде фонограммамен ән айтатын кездерім болады. Мысалы, жанды дауыста ән салуға микрофон немесе колонкалар мүмкіндік бермеген кезде», – деп пікір білдірді әнші Кентал.

Оның пікірін әріптесі Ален Самыкенов те қоштады.

«Нашар музыкалық құрылғы тұрған жерде жанды дауыста ән салу мүмкін емес, осыны ескеру керек. Яғни, ол өзіңе кемшілік болады», – деп түсіндірді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x