Дмитрий Медведев: «Навальный президент болғысы келетін танымал персонаж» (видео)

Dalanews 05 сәу. 2017 03:50 281


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Сыбайласқан жемқорлықпен күрес қорының зерттеуіне қатысты алғаш рет пікір білдірді.


Ресей үкімет басшысының пікірінше, "зерттеу деуге тұрмайтын" мұндай әрекеттердің артында адамдарды көшеге алып шығу, саяси және жеке мүдделерге ұмтылыс пиғылы жатыр.

Сыбайласқан жемқорлықпен күрес қорының негізін қалаушы Алексей Навальныйды премьер Медведев "президент болғысы келетін танымал персонаж" деп атады. Зерттеудің мазмұнын Медведев "компот" тәріздес "былжырақ" деп сипаттады.

Медведевтің айтуынша, ол түрлі арандатушылық әрекеттерге қарамастан, жұмысын жалғастыра береді.

26 наурызда Ресейдің барлық дерлік аймақтарында наразылық митингтері өтті.

Ресей президенті Владимир Путин оны "араб көктемі" мен "Еуромайданға" теңеді.

 

https://www.youtube.com/watch?v=hTRbzvKF6RQ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x