Жамбыл облысында «Мәңгілік ел – Жасыл ел!» атты жастар сенбілігі өтті

Dalanews 04 сәу. 2017 16:03 286

Жамбыл облысында «Мәңгілік ел – Жасыл ел!» атты облыстық жастар сенбілігі ұйымдастырылды. Шараға аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев арнайы қатысып, облыс орталығындағы №1 К.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің ауласына жеміс тал көшетін отырғызды.

Бұл күні аталмыш балалар үйінің ауласына 60-тан аса алма мен алмұрт көшеттерінің жас шыбықтары егілді. Сәтін салса, екі – үш жылда бұл көшеттер өз жемісін беретін болады. Сондай-ақ, облысымыздың белсенді жастары мен қала тұрғындары Тараз қалалық №1 ауруханасы маңына, Тәуке хан көшесінің бойына түрлі сәнді ағаш көшеттері мен жеміс-жидек көшеттерін отырғызды.

Облыстың барлық елді мекендерінде жаппай өткізілген көктемнің алғашқы сенбілігіне облыс жастары мен қала тұрғындары жұмылдырылып, айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға атсалысты. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған сенбілікке облыс әкімдігінің басшылығы, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, облыс тұрғындары, мекемелер мен кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x