Шаруашылықтар бірікпей, іс бітпейді

Dalanews 04 сәу. 2017 05:16 218

ҚР Үкіметінің «Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту» тапсырмасы бойынша республикалық бюджеттен 1 млрд. 520 млн. теңге қаражат бөлініп, бекітілген іс-шара жоспарының индикативті жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін  облыста 17 сүт қабылдау пункті, 488 отбасылық мал бордақылау алаңы, 172 отбасылық сүт-тауарлы фермасын ашу жоспарланған болатын.

Аталған бағдарлама бойынша облыста бүгінгі күнге сүт қабылдау пункті 100 пайызға, мал бордақылау алаңы 140 пайызға, 70 отбасылық сүт-тауарлы фермасы 246 пайызға, 13 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспары 123 пайызға  орындалды. Бұл туралы облыс әкімі К. Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов айтып өтті.

Жалпы, ауыл шаруашылығы құрылымдары арасында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды нәтижелі ұйымдастыру мақсатында түсіндіру, ақпараттандыру  жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен  7 млн. 540,0 мың теңге бөлініпті. Бөлінген қаржы есебінен былтыр аудандарда шаруашылықтардың қатысуымен 44 семинар-кеңестер өткізіліп, 1000-ға жуық арнайы әзірленген кітапшалар мен буклеттер таратылған. Нәтижесінде 2016 жылы облыста 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Оның ішінде жаңадан 27 ауыл шаруашылығы кооперативті жаңадан жұмысын бастаса, 23 ауыл шаруашылығы кооперативтері қайта тіркеуден өткен.  Сонымен қатар, өткен жылы облыста сүт кластері бойынша 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, құрамына 62 шаруашылық бірікті. Сондай-ақ, егін шаруашылығы бағытында 36 кооперативтің құрамына 631 шаруашылық біріксе, мал шаруашылығы бағытында 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрамына 68 шаруашылық біріккен.

«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» қағидасын берік ұстанған 6 ауыл шаруашылық кооперативтерінің 135 мүшесі былтыр 480,8 млн. теңге шағын несие қаражатына ет-сүт бағытындағы 2497 бас ірі қара малын алса, ағымдағы жылы осы кооперативке жаңадан кірген 87 мүшеге 329,5 млн. теңге несие қаражатымен ет-сүт бағытындағы 1652 бас ірі қара малы алынған. Ал, ағымдағы жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 10 ауыл шаруашылық кооперативтердің алынған несие қаражаты 810,3 млн. теңгені құраған.

Жиында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмаларының орындалу барысы туралы жан-жақты баян етті.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2017 жылы барлығы 10,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 4,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 5,6 млрд. теңге  бөлініп, 12 456 адамды қамту жоспарланыпты.

– Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2017 жылы барлығы 5119 адамды оқытуға 1412,5 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 152,7 млн. теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 4349 адамды оқыту үшін 1259,8 млн. теңге қаралды.  Бүгінгі күні қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру мақсатында  білім ұйымдары, мамандықтар және әрбір мамандықтарға оқытылатындар саны анықталып, өңірлік комиссияда бекітілуге дайындалды, – деген Ж. Баубеков бағдарламының қалған екі бағытына жан-жақты тоқталды.

Басқосу соңында облыс әкімі бірқатар аудан әкімдерінен ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру жайын сұрап, бұл жұмысты әлі де ширата түсу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету бойынша да кешенді шараларды мықтап қолға алуды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасө қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x