Фонограмма үшін кешірім сұраған әнші

Dalanews 29 нау. 2017 01:33 167

Қытай елінің "I am a singer" байқауында бағын сынап жатқан Димаш Құдайбергенов қазақ халқының әнге деген талғамын өзгертті десе болады. Осыған дейін жанды дауыс пен фонограмманы ажырата алмай келе жатқан жұрт енді емін-еркін әнді таңдап, талғай алатын дәрежеге жетті. Әрине, шын таланат ертелі-кеш бағаланады. Әнге деген талғам өзгергесін, әншіге де көзқарас өзгереді. "Мына әнші тек фонограммамен ғана айта алады", "Ал, мынау тек той әндерін ғана орындайды" деп сынап-міней бастады. Сын болған жерде, өсу де, өшу болады. Әншілерге артылар жүк ауырлады. Олар жайлап жанды дауыста ән айтуға көше бастады. 

Жақында Шымкентте қызық жағдай болды. А.Байтұрсынов көшесінің бойында "Sirius" мейрамханасының ашылу салтанаты өтті. "Sirius" – қазіргі заманға сай, соңғы үлгідегі жиһаздармен әсем жабдықталған. Сізге мұнда даяшылар жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Әнді аппараттардан емес, жанды дауыста тыңдай аласыз. Себебі, мұнда Қазақстанға танымал әншілер ән айтады. Мысалы, ашылу салтанатында "Вокзалда қауышқан қыз", "Жаяу" әнімен тыңдармандырының жүрегін жаулап үлгерген Серік Ибрагимов және Луина сынды әншілер келген қонақтарға ән айтып берді. Бұлбұл дауысты Серік репертуарындағы әндерін бірінен соң бірін құйқылжыта орындап жатты. Бір кезде кезек "Жаяу" әніне келіп жетті. Аппаратта ән қосылып ойнай бастағанда, Серік әнді тоқтатып тастады. Әншінің бұл қылығына таң қалған қонақтар мейрамхана сахнасында тұрған Серікке қарап қалды. Сонда Серік қонақтардан кешірім сұрап:

– Айып етпеңіздер, фонограммам қосылып кетті. Мен сіздерге тек жанды дауыста ән шырқап беремін, – деп кінәсін жуып-шайып, ән айтуды жалғастарды. Бәлкім, фонограммамен талғкамы жоғары қонақтарды алдағысы келмеген шығар. Бәрінен бұрын, оның өз қателігін дер кезінде түзей білгені қуантты. Қонақтар оған разы болды.

Сол кеште "Sirius" мейрамханасында күміс көмей әншінің әндері көңіл сарайын тербеп тұрды.

Дереккөзі: rgmedia.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x