Шығыста шаңғы жарысынан ел біріншілігі басталды

Dalanews 27 нау. 2017 09:32 302

Риддер қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. Республиканың әр аймағынан келген 100-ден астам спортшы сиатлон, аралас эстафетадан бақ сынамақ.

Айта кетсек, бұл қысқы ойындар маусымының соңғы Чемпионаты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Универсиада, Азиада және Әлем біріншілігінде ел намысын қорғаған спортшылар үшін ағымдағы маусым жемісті болды.

– Соңғы уақытта ұзақ жылдар бойы жақсы көрсеткішке жете алмаған аймақтардан шаңғы жарысынан чемпиондар шығып жатыр. Мүның өзі жас жеткіншектер мен жастар арасында бәсеке туғызады. Осылайша қысқы спорт түрі дами түспек, – деді олимпиадалық резервтегі арнайыландырылған республикалық мектеп-интенат-колледж директоры Владимир Кнауб.

Сондай-ақ, бірер күннен кейін Риддерде биатлоннан ел чемпионаты басталмақ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x