Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Dalanews 22 нау. 2017 05:17 246

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Сарыарқа" велокешеніндегі Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған гала-концерт барысында барша қазақстандықтарды ұлтына қарамастан көктемнің келуін тойлауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Қымбатты қазақстандықтар, осы мінберрде тұрып мен барлық отандастарымызды маңызды әрі әдемі Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке ұлтқа немесе дінге бөлінбейді, бұл жалпы ұлттық мереке. Наурыз - тарихы тереңнен келе жатқан мереке, бұл сенімділік, достық, бауырластық, еліміздің тұрақтылығының символы", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  Мемлекет басшысы өткен жылды қорытындылап, үшінші жаңғырту бағдарламасының маңыздылығын айтып, Конституцияға өзгертулер енгізілгені туралы және саяси экономикалық жаңартулар жайында айтты.

"Қазақстанның барлық азаматтарының мақсаты біреу ғана - барлық үйде, барлық отбасында береке, бірлік, тұрақтылық болу. Әркім алаңсыз еңбек етіп, Отанына және өзіне пайдасын әкелу, өсіп келе жатқан ұл-қызын тәрбиелеп, келер күнді қуанышпен қарсы алу. Бұл еңбектің арқасында келеді - еңбекді мемлекет қамтамасыз етеді. Көктемнің келуін барша әлем жұртшылығы аса қуанышпен күтеді. Бұл күні күн ұзарып, түн қысқарады. Күн жылынады. Әр адамның бойына қуаныш ұялайды", - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлыстарды бір-біріне қонаққа барып, наурыз көжеге шақырып, бұрынғы өкпені кешіріп, мереке достықта тойлауға шақырды.  "Бұрыннан қалған сөз бар, 21-нен 22-не қараған түні Қыдыр ата жер шарын аралап, үйлерге кіреді, сол үйлерге бақыт келеді. Қыдыр ата Қазақстандыжақсылап шарлап шықсын. Барлығымызға бақыт келсін. Барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын, барлығына бақыт тілеймсін, бір жыл бойы көтеріңкі көңіл күймен жүріңіздер", - деді Президент.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x