Жамбыл облысы Иранға қой етін экспорттауда

Dalanews 18 нау. 2017 03:35 276

Жамбыл облысындағы «Меркі» ЖШС-і Иран Ислам мемлекетіне қой етін экспорттады. Бұл жағымды жаңалыққа былтырғы жылдың ақпан айында ет экспорттауға байланысты екіжақты келіссөздердің арқасында қол жеткізілді.

Экспортталатын қой еті Иран мемлекетіне арнайы мұздатылған күйде жеткізіледі. Әр туша арнайы дайындалған материалға оралып, сыртына ағылшын және иран тілдерінде ақпарат жазылады. Дәл бүгінге күнге  Иран Ислам мемлекетіне 1000 тонна ет ұшақ арқылы жөнелтілді. Ал, комбинат бір күнде 1500 ұсақ мал мен 150 ірі қараны өндеуге қауқарлы.

Жамбыл облысында өндірілген ет өнімдері сырт мемлекетте өте жоғары бағаланады. Көбіне біздің елде өндірілген өнімді ирандықтар, ресейліктер және қытайлықтар  тұтынуға құмар. Дегенмен, мұндай үлкен сұраныстарды қанағаттандыру үшін дүниежүзілік стандартарға сай болу қажет.

Облысымыздағы іргелі «Меркі» ЖШС-і бүгінгі күннің талабына сай арнайы жаңғыртылудан өткен. Өндіріс орнына электронды таразы қойылып, арнайы ет өндейтін орындардың қабырғалары мен едендері жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, 350 тоннаға жуық ет өнімдерін сақтайтын мұздатқыш та қойылған.

Қазір көпшілік сатып алатын өнімін арнайы «халал» стандары белгісін қойылғанын қалайды. Бұл тұрғыда серіктестіктің жұмысы оң жолға қойылған.  Сонымен қатар, «Меркі» ЖШС-інде 20 түрлі шұжық өндіріліп жатыр.  Сондай-ақ, өндіріс орны жанынан бұқтырылған ет концервілерін шығаруда жолға қойылған.

Өткен жылы Жамбыл облысында ет өндірісі 5,3 пайызға (113,5 мың тонна) жоғарыласа, мал басы 1 ден 2,4 пайызға дейін көбейді. Мүйізді  ірі қара малдың саны 1,6 пайызға (320,6 мың бас), қой мен ешкі 2,2 пайызға (2,47 млн. бас), жылқы 1,6 пайызға (105 мың бас), түйе 2,4 пайызға (5,8 мың бас), шошқа 1,5 пайызға (31,5 мың бас) артты. Ал, 2016 жылы облыс бойынша 451,3 тонна сиыр еті экспортқа шығарылды (Қырғызстан, Оман, ОАЭ).

Шаруаның тірлігін тіктеген «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жайлымдарды суландыру» бағдарламалары облысымызда 100 пайыздан аса орындалды.

 

Жамбыл облыс әкімінің Баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x