Артаев пен Сәпиев «Головкин – Джейкобс» айқасының сарапшысы болады

Dalanews 15 нау. 2017 16:50 216

19 наурызда Нью-Йоркте «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен  WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Дэниел  Джейкобс  (32-1, 29 КО) арасында айқас өтеді.

Отандасымыздың бұл жекпе-жегі «Қазақстан және «Kazsport» арналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Ол сағат 08.00-де басталады.

Репортаж кезіндегі сарапшылар  олимпиадалық чемпион, Вэл Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев пен Бақтияр Артаев болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Атап өтсек, Сәпиев «Kazsport», ал Артаев «Қазақстан» арнасында пікір білдіреді.

Сондай-ақ «Kazsport» арнасы Головкин — Джейкобс жекпе-жегіне арналған екі арнайы студиялық бағдарлама жасайды. Онда сарапшылар осы жылғы ең басты жекпе-жектердің  бірі жайында өз ойларымен бөліседі.

Бірінші бағдарлама 07.30-да, екінші бағдарлама — жекпе-жек аяқталысымен өтеді. Онда олимпиадалық чемпиондар айқас қорытындысын шығарып, негізгі сәттерді талқылайды.

Егемен Қазақстан газеті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x