Алтай Әбибуллаев мемлекеттік қызметте қалады

Dalanews 14 нау. 2017 03:41 200

Алтай Әбибуллаев мемлекеттік қызметте қалатын болды. Қазақстанның Польшадағы елшісі лауазымынан босатылғанымен, Сыртқы істер министрлігінде әріқарай жұмыс істей бермек. Бұл туралы бүгін Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, Әбибуллаветың 20 жылда еліміздің сыртқы саясатын дамытуға қосқан үлесі мол екен. Сондықтан ведомство оған жаңа қызмет қарастыруға дайын. Бірақ, соңғы шешімді экс-елшінің өзі қабылдайды. Естеріңізге салсақ, Жемқорлыққа қарсы комиссия «46 жастағы дипломат лауазымын пайдаланып, белгілі бір кәсіпкердің жұмысына ықпал етпек болды» деп, президенттен тәртіптік жазаға туртуды сұраған болатын.  Кейін Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадаға елшісі қызметінен босатылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x