Дәурен Абаев «Тұмар» сыйлығының қазылар алқасы мүшелерін атады

Dalanews 14 нау. 2017 03:36 228

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының қазылар алқасының мүшелерін атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«17 наурыз күні «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының табысталу рәсімі өтеді. Қазір қазылар алқасының алдында күрделі тапсырма тұр -өткізілген 200-ден астам шығармашылық жұмыстың арасынан үздік 12 жұмысты таңдап алу қажет, - деп жазды министр әлеуметтік желіде.

– Қазылар алқасының мүшелерін таныстырғым келеді: Мемлекет қайреткері, публицист, академик Шалахметов Ғаділбек Мінәжұлы;

Президент телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекқожин;

Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова;

«Қазақстан барысы» даму қоры қамқоршылық одағының төрағасы Арман Шораев;

Қоғам қайраткері, тележүргізуші, продюсер Аружан Саин;

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бибігүл Жексенбай;

Тележүргізуші, журналист, «Нұр Отан» партиясы баспасөз қызметінің басшысы Александр Аксютиц;

Режиссер, сценарист Лев Мариупольский;

«Қазмедиа орталығы» БК бас директоры Мейірболат Аюпов;

Сенатор Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы;

Журналист Иманғали Нұртілеу;

ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты Ирина Аронова;

Қазақстан ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні «Тұмар» қазақстандық жаңа телевизиялық сыйлығына өтініштер қабылдау аяқталды. Жобаның басты мақсаты – саланы сапалы дамытуға серпін беріп, қазақстандық журналистердің шығармашылық ізденісін арттыру.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x