Оңды ауылы арақ сатылмайтын ауылға айналмақ

Dalanews 10 нау. 2017 15:36 454

Оңды ауылының мәдениет үйінде Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманқос Ертілеуов және  аудан ақсақалдарының алқа мүшелері «Садақа өткізудің Маңғыстаулық ортақ әдебі» атты жиын өткізді.

Ауыл ақсақалдары «садақа дастарxанынан торт, салаттар, апельсин, банан, алмалар қоймаймыз, садақаға пакет әкелуді тоқтатамыз» деп ортақ пәтуаға келді.

Жиында сонымен бірге, «Оңды ауылын арақсыз ауыл жасайық» деген бастама көтерілді.

"Енді қасиетті Рамазан айынан бастап Оңды ауылында арақ сатпайық, дастарxанға арақты қоймайық, ауылға арақты кіргізбейік" деген ұсыныстар айтылды.

Алла қаласа киелі Оңды ауылы Маңғыстауда алғаш рет арақсыз ауыл атанатын күнде алыс емес.

Оңдылықтар, Шетпе ақсақалдарына алғысын білдірді.

 

Жәнібек Қожық, Фейсбук парақшасынан

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x