Оңтүстік Корея президенті сотталуы мүмкін

Dalanews 10 нау. 2017 05:44 262

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты сыбайлас жемқорлық дауына іліккен ел президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялауды қолдады.

Импичментке барлық сегіз судья дауыс берді. Бұл шешім Пак Кын Хені дереу биліктен аластату керек дегенді білдіреді. Тіпті сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Оңтүстік Кореяда 60 күннің ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс.

Елдің қаржы реттеуішінің өкілі президентті лауазымынан шеттету нарықтардың тұрақтылығына ықпал етпейтінін мәлімдеді.

«Біз бұл жағдайға алдын ала дайындалдық», - деді ол.

Желтоқсанда парламент президентке импичмент жариялауға дауыс бергеннен кейін Пак Кын Хе қызметінен аластатылған болатын. Бірақ ол ресми түрде президент болып қалды.

Оңтүстіккореялық тергеушілер Пак Кын Хе өзінің жақын құрбысы әрі кеңесшісі Чхве Сун Сильмен бірігіп Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ённен пара алғанын мәлімдеді.

 

Дереккөзі: baq.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x