Данияр Елеусінов АҚШ-қа кетті

Dalanews 08 нау. 2017 13:18 320

Кәсіпқой боксқа ауысқан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-қа кетті. Жаттығуларының барлығын ол мұхиттың арғы жағында өткізбек. Бүгін жерлесіміз Қазақстандағы жанкүйерлерімен қоштасып, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, 12 қаңтар күні Даниярдың кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі болған еді. Ол кейін өз жаттығуларын АҚШ-та өткізіп, жекпе-жектерінің басым бөлігі Қытайда өтетінін хабарлаған.

Елеусінов австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімге келген. Компания басшысы Майк Алтамурдың айтуынша, Данияр алғашқы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі тиіс. Алайда, оның қарсыласы әлі анықталған жоқ.

 

Дереккөзі: sn.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x