«Қазақстан» телеарнасында үнді сериалдарын көрсету тоқтатылды

Dalanews 03 нау. 2017 06:31 300

«Қазақстан» арнасында «Келін» телехикаясы кеше соңғы рет көрсетілген. Сөйтіп, жалпы осы елдің сериалдарын эфирден беру тоқтатылмақ екен.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

«Ал, бүгін «Келіннің" соңғы көрсетілімі. Тек «Келін» ғана емес, жалпы үнді сериалының. Әзірге солай шештік», – дейді Е.Қарин. Бірақ «әзірге» дегеніне қарағанда, бұл әлі соңғы шешім емес сияқты.

Айта кетейік, Ерлан Қарин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы болып осыдан үш апта бұрын тағайындалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x