Депутаттың зайыбы Ерлан Қариннің бұрынғы қызметіне тағайындалды

Dalanews 02 нау. 2017 03:15 142

Зарема Шәукенова президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Зарема Шәукенова мәжіліс депутаты Серік Сейдумановтың әйелі. Ол 1965 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын психолог жұмысынан бастаған ол бірнеше лауазымды қызметтерді атқарды. Оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы философия және саясаттану факультетінің деканы қызметі де бар. Соңғы рет ол Білім және ғылым министрлігі жанындағы философия және саясаттану институтының директоры қызметін атқарған.

Зарема Шәукенова бірнеше еңбектің және 150-ге жуық ғылыми жұмыстың авторы. Ол мәжіліс депутаты, Алматы қаласы бұрынғы әкімінің орынбасары ретінде танылған Серік Сейдумановтың  жұбайы. Олардың 2005 жылы туған Сабрина есімді қыздары бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x