Үй бағасы арзандай береді

Dalanews 02 нау. 2017 03:02 203

Ұлттық валютаның нығаюы Қазақстанның тұрғын үй нарығына айтарлықтай өзгерістер алып келеді деп күтілуде. Сатып алушылардың белсенділігі артуына байланысты баспана бағасы айтарлықтай арзандауы мүмкін. Бұл туралы Homsters.kz порталының сарапшылары хабарлап отыр.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бері доллардың теңгеге шаққандағы құны 9 пайызға немесе 28 теңгеге төмендеп, 341-ден 314 теңгеге дейін жеткен. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда ақшасын АҚШ валютасымен жинап отқан қазақстандықтар жалма-жан жылжымайтын мүлік сатып ала бастайды.

– Валюта бағамының құбылуының жылдам боп жатқаны соншалық, тұрғын үй нарығындағы бағаларға әсер етіп үлгермей жатыр. Тиісінше, үй бағасы өзгеріссіз. Ал, үй алуға ақшаны доллармен жинап отырған қазақстандықтар жинағының құнсызданып бара жатқанына алаңдап, енді дереу үй ала бастайды. Мәселен, былтыр желтоқсан айында 50 мың доллар 17 миллион теңге болса, қазір 16 миллион теңгеге дейін арзандап кетті. Ал, баспана бағасы болса әлі өзгерген жоқ, – дейді Homsters.kz порталының серіктес сарапшысы Мария Рен.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жылжымайтын мүлік нарығында бағалар айтарлықтай төмендейді. Өйткені, екінші деңгейлі нарықтағы үй сатушылары әліге дейін доллармен есептесіп отыр.

«Кейбір сарапшылардың пікірінше, теңге бағамы жыл соңына дейін долларға шаққанда тағы нығайып, 1 доллар 290 теңгеге теңесуі мүмкін. Сондықтан, мұны ескерген сатып алушылар дәл қазір жаппай үй ала бастайды», – дейді Рен.

 

Дереккөзі: sn.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x