Ақжарқын Тұрлыбайдың соты кейінге шегерілді

Dalanews 27 ақп. 2017 11:16 233

ҚХР Гуандуң соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді жариялауды кейінге шегерді.

Бұл туралы Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.  Бұл іс бойынша соңғы сот отырысы қашан болатыны әзірше белгісіз.

"Мұның алдында сот отырысы 2017 жылдың 27-28 ақпанына белгіленген еді. Енді Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот үкімі қашан шығатыны қайтадан белгісіз қалып отыр. Сот отырысы өтетін күн мүдделі тұлғалардың барлығына хабарланады", - дейді адвокат.

Қазақстандық студент қыз Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әйежайында ұсталған болатын. Оның жүгінен 4,5 килограмм есірткі табылған. Студент Малайзияға сапарлап бара жатқан еді. Қыз мұндай жүкітң барын білмегенін, ал сөмкені өзге біреуге беріп жіберуге өтінгендерден алғанын айтқан. Қыздың ата-анасы Ақжарқынды алаяқтар өз мақсатында пайдаланбақ болды деген ойда.

2015 жылдың маусымында Қытай соты Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған. 2016 жылдың 6 мамырында апелляциялық сот алғашқы шешімді жоққа шығарып, істі қайта қарауға жіберген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x