ШҚО-да шорт-тректен ел Чемпионаты басталды

Dalanews 27 ақп. 2017 04:02 179

Шығыс Қазақстанда алғаш рет шорт-тректен ҚР Чемпионаты басталды. Аталмыш сайысқа 8 аймақтан 140-тан астам спортшы қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әсіресе Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының спортшылары жоғары нәтижелер көрсетуде.

– Өскемен қаласына шорт-трек спорт түрі 7 жыл бұрын келген. Бірақ 3 жыл бұрын ЖМК ауданындағы мұз айдынына арнайы жабдықтар алынғаннан бері қарқынды түрде дами бастады. Бүгін Чемпионат алғаш рет өтіп отырса, алдағы уақытта бұл дәстүрге айналады деген сенімдеміз. Себебі Өскемен қаласы қазақстандық қысқы спорт түрінің отаны ғой, – деді шорт-тректен аға жаттықтырушы Илья Перфильев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x