ШҚО қуат көзін Ресейден алуды тоқтатып, энергетикалық тәуелділіктен құтылды

Dalanews 27 ақп. 2017 02:53 166

Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 12,7 млрд теңгенің 28 жобасы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша облыста үш мектеп, көп пәтерлі екі үй салынды. 12 нысанға жылу жүйесі мен су құбыры тартылып, 15 шақырымды құрайтын жылу жүйесі қайта жаңартылды. 27 шақырым су құбыры және кәріз жүйесі салынды. Бұл инженерлік жүйелердің тозуын Өскемен қаласы бойынша 1,4, Семей қаласы бойынша 2,3 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.

1,5 мың шақырымға созылған 500 кВ-тық «Екібастұз – Шүлбі Өскемен ГЭС» құрылысы аяқталды. Оның 866 шақырымы ШҚО аумағынан өтіп жатыр. Бұл электр энергиясын Ресей Федерациясынан алуды тоқтатып, электр жетіспеушілігін азайтты.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 11,1 млрд. теңгенің 30 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 4,9 млрд. теңгенің 27 жобасын жүзеге асыру көзделуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x