Ақтөбе халқы Димашты әуежайдан күтіп алды (фото, видео)

Dalanews 26 ақп. 2017 14:36 208

Ақтөбеліктер Димаш Құдайбергенді әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайбергенді күтуге облыстық филармония ұжымы, музыкалық колледж студенттері түгел жиналды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов та күтіп алды. Жиналғандар әуежайда халық әндері мен әнұранды орындап, ерекше көңіл-күй сыйлады.



"Мен А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжде оқимын. Димашты бала кезден танимын, ата-анасымен де қарым-қатынасым жақсы. Жерлесіміздің жетістігіне қуанып, қолдауға келдік. Сәттілік тілейміз", – деді жанкүйері Ибрахим Амин.



Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваның айтуынша, Қытайдан келген түсіру тобы әнші білім алған орта мектепке, Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжге барады. Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатыр.

Ол 6-кезеңде итальян тілінде «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды еншіледі.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=O0hEKTyu8fU

Автор Алтынай Сағындықова

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x