Майлы дәнді дақылдардың жаңа сұрыпы өндіріледі

Dalanews 22 ақп. 2017 11:29 194

Облыс аумағында өндірілетін майлы дәнді дақылдардың тұқымы енді елімізде ғана емес, сондай-ақ, Ресей мен Қытай нарығына да шығарылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Глубокое ауданының Опытное поле ауылындағы май дақылдарының тәжірибелік шаруашылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген негізгі басымдылықтарды іске асыруға кірісіп кетті. Халықаралық инновациялық технологияларды қолдана отырып, гибридті майлы дәнді дақылдардың жаңа сұрпын ойлап тапқан кәсіпорын аталмыш жоба аясында үш жыл жұмыс істеген. Осы орайда, мамандардың заманауи еуропалық және америкалық технологияларды қолданғанын айта кеткен орынды.

Өткен жылы күнбағыс гибридінің үш сұрыпы тұқымдық сынамадан өткізілді. Болашақта күнбағыс тұқымының бұл түрі Қазақстан, Ресей, Қытай  нарығының 20 пайызын жаулап алуы мүмкін.

Бүгінде шығысқазақстандық мамандар шетелдік әріптестерімен бірге дәнді дақылдардың жаңа сұрпын өндіруді қолға алды

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x