М. Жұрынов: «Назарбаевтың жұмысы – Нобель сыйлығына лайық»

Dalanews 22 ақп. 2017 05:41 227

Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарумен күресі бүкіл адамзатты атом қаруынан құтылуға апарады. Елбасының бұл игі қызметі Нобель сыйлығына толығымен лайықты екенін ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналыстың салтанатты сессиясында басты баяндама жасаған ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қабылданды. Бұл – тарихи жеңіс, еліміздің оған мүшелікке сайлануы Елбасымыздың халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің пассионарлық тұлға ретінде мойындалуы деген сөз. Қазіргі уақытта «Астана процесі» деген айдармен Сириядағы жағдайға байланысты нәтижелі келіссөздер жүріп жатыр. Ал, Нұрсұлтан Әбішұлының антиядролық күресі адамзатты атом қаруынан құтқаруға апарады. Елбасының бұл игі қызметі Нобель сыйлығына толығымен лайық, – деді Мұрат Жұрынов.

Айта кетейік, бүгін, 22 ақпан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратында ҚР Президенті, ҚР ҰҒА академигі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР ҰҒА-ның 70 жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналыстың салатанатты сессиясы өтіп жатыр. Сессия жұмысына академиктер, корреспондент-мүшелері, ҚР ҰҒА-ның құрметті мүшелері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, елдің көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар, ғылым академиялары президенттері Ресей Федерациясынан Фортов В.Е., Қырғызстаннан Эркебаев А.Э., Грузиядан Квеситадзе Г.И., Молдовадан Дука Г.Г., Татарстаннан Салахов М.Х., Беларусь ҰҒА Президиумы Төрағасының орынбасары  Килин С.Я., Украина ҰҒА Вице-президенті  Кошечко В.Г., Өзбекстан ҒА жалпы және бейорганикалық химия Институтының директоры Закиров Б.С., Әзербайжан ҰҒА Төралқа әкімшілігінің Ғылым және білім беру басқармасының бастығы Садыгов А., Тәжікстан Республикасы ҒА академигі М.Илолов «Elsevier» басқарма төрағасы және стратегиялық даму жетекшісі, «Relax group» директорлар кеңесінің мүшесі Йонг Сук Чи, ҚХР-ның Алматы қаласы Бас консулы Чжан Вэй сынды көптеген делегциялар қатысуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x