Қырғыз партиялары Президенттіке үміткер кандидаттарын ұсынып жатыр

Dalanews 14 ақп. 2017 11:24 223

Қырғызстан парламентіндегі екінші ірі партия - "Республика - Ата Журт" партиясы бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабановты биыл күзде өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, мұндай шешім 14 ақпанда партияның Бішкекте өткен жиынында қабылданды. Бұл туралы "Азаттық" сайты хабарлады.

47 жастағы Бабанов Қырғызстанда 2011-2012 жылдары премьер болған.

"Республика - Ата Журт" партиясы парламенттегі 120-орынның 28-іне ие, бірақ ол президент Алмазбек Атамбаевтың Социал-демократиялық партиясы (СДП), Қырғызстан партиясы мен "Бир бол" партиясы құрайтын басқарушы коалицияға кірмейді.

Бабанов партиясы ресми түрде оппозициялық деген мәртебеге ие болғанымен, партия басшылығы билікті ашық сынап, көп қарсылық білдірмеген.

Бұған дейін өзге тағы екі белгілі саясаткер - экс-премьер, "Ак-Шумкар" партиясын басқаратын Темир Сариев пен "Өнугуу-Прогресс" партиясының жетекшісі Бакыт Торобаев та президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеген.

Қырғызстан заңы бойынша, президент алты жылдық бір мерзімге ғана сайлана алады. Қазіргі президент Алмазбек Атамбаевтың президенттік өкілеті биыл желтоқсанда аяқталады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x