Димаш бесінші орынға сырғыды

Dalanews 11 ақп. 2017 02:41 257

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

11-орынды Тань Цзин, 2-орынды – Линь Илянь, 3-орынды – Чжан Цзе, 4-орынды – Джастин мен Линь Чжисюань (конкурстың жаңа қатысушылары - авт.), 5-орынды – Димаш, 6-орынды – «Lion» тобы, 7-орынды Чжао Лэй иеленді. Чжао Лэй сайыс бағдарламасынан шығып қалды», – деп хабарлайды Hunan.

TV фан-клубы Weibo әлеуметтік желісінде. 4-орынды екі конкурсант бірдей иеленгендіктен, Димаш 5-орынға орналасып отыр. Дегенмен, қытайлық байқаудың әлеуметтік желіге салған кестесінде қазақстандық әншінің 6-орын алғандығы жазылуда, ал 5-орын – бос тұр.

Бұл, жағдайды өзгертпейді, Димаш «Singer»-дің келесі – 6-кезеңіне өтеді. Бұған дейін, жарыстың 4-кезеңінде Ду Лиш (Тереза) шығып қалған еді. «I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда7

Еске сала кетейік, Астана уақытымен 11 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан «Singer» байқауының 4-кезеңі көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін акцентсіз айтып, үшінші орын иеленген болатын. Конкурстың 5-кезеңі Хунань телеарнасынан 18 ақпан күні көрсетіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x