Универсиада жүлдегері әлем чемпионатына қатысады

Dalanews 07 ақп. 2017 16:58 270

Алматыда өтіп жатқан XXVIIІ қысқы дүниежүзілік Универсиада ойындарының шаңғы жарысынан алтын медаль иеленген Иван Люфт Өскеменге келді. Ел намысын қорғап, жеңіске жеткен спортшыны өскемендіктер құшақ жая қарсы алды.

Универсиада ойындарында жеңіске жетіп, «қазақстандық лаки-лузер» атымен есте қалған Иван Люфт бұл жеңісімен тоқтап қалмақ емес. 26 ақпанда Финдляндияда өтетін қысқы ойындардан әлем Чемпионатына қатысуды жоспарлауда.

– Универсиада ойындарында жеңіске жеткенім дайындық пен жанкүйерлерімнің қолдауының арқасы. Бірақ мен бұл көрсеткішпен тоқталып қалмақ емеспін. Бірер аптадан кейін Финдляндияда өтетін қысқы ойындардан әлем Чемпионатына қатысу жоспарда бар, – деді Универсиада ойындарының алтын медаль иегері Иван Люфт.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x