ШҚО-да жеңіл атлетикадан ел Чемпионаты басталды

Dalanews 06 ақп. 2017 02:54 202

ШҚО-да жастар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде. Еліміздің әр аймағынан келген 520 спортшы жеңіл атлетиканың барлық түрінен сынға түспек. Чемпионатқа Қырғызстан Республикасынан 10 спортшы қатысып отыр.

Сайыстың ашылу салтанатынша ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

– Жеңіл атлетикаға арналған осындай ірі кешенде ел чемпионатының өтіп отырғаны, елімізде спорт саласынына жеткілікті түрде көңіл бөлініп, дамып келе жатқандығының белгісі. Бүгінгі чемпионатқа қатысып, өз аймағының намысын қорғап келіп отырған спортшыларға жеңіс және сәттілік тілеймін, – деді Асқар Можанов.




Қазірдің өзінде чемпионаттың алдын-ала көрсеткіштері де әзір.  Айта кетсек, 400 м қашықтыққа жүгіруден Қарағанды облысының спортшылары басым түссе, 2000 қашықтыққа жүгіруден Қызылорда облысының қыздары алдарына жан салмады. Ал ШҚО спортшысы Арман Кеңеспек сырықпен секіруден екінші орынға аяқ тіреді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x