Ертісбаев елге оралуы мүмкін

Dalanews 17 қаң. 2017 18:12 244

Марат Тәжиннің Қазақстан презиеденті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалуының бір себебі мемлекеттік ақпарат саясатының сәтсіздігі болуы мүмкін деп санайды саясаткер Досым Сәтпаев.

– Марат Тәжиннің ПӘ-не қайтып келуі елдегі ішкі саясат ахуалының төмен екендігін көрсетеді, сол себепті сенімді кадрларды қайта жұмылдыруда. Былтырғы оқиғалар осының дәлелі. (…) Президенттің "жастардан" көңілі қалған ғой. Бұлай жалғаса берсе, Ертісбаевтың да оралуы мүмкін, – деп жазды Сәтпаев Facebook парақшасында.

Сәтпаевтың пікірінше, Марат Тәжиннің Қазақстанға оралуына тағы бір себеп – "мемлекеттің ақпараттық саясатының сәтсіздікке ұшырауы". "Тіпті ақпарат және байланыс министрлігін құру да көмектеспеді. Бір қызығы, Ресейге елші ретінде аттанбас бұрын Тәжин аяқ асты мемлекеттік ақпараттық саясатты реформалаумен айналыса бастады. Бірақ үлгермеді. Немесе оған мүмкіндік бермеді", – деп атап өтті саясаткер.

Дереккөзі: sputniknews.kz


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x