2017 жылы жолкөлік айыппұлдары қаншалықты өсті?

Dalanews 04 қаң. 2017 04:42 292

2017 жылы төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (МРП) өсуіне байланысты жол көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де көтерілген. Биыл 1 МРП 2 269 теңгеге тең.

Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғанда – 22 690 теңге төлесе, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарлатқандар  34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге айыппұл төлейді.

Өткінші жолақ, бұрылыста, бағдаршамның бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22 690 теңге төлейді.

Өткінші жолақта жолаушыларға жол бермеген жүргізушілерге 22 690 теңге айыппұл салынады.

Артқа жүру және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер 15 883 теңге айыппұл төлейді.

Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандар 11 345 теңге айыппұл қарастырылған.

Ал тротуарда және жалғыз аяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар 35 035 теңге айыппұл төлейді.

Жол бойында аппатты жағдай туғызған жүргізушілерге  22 690 теңге айыппұл салынады.

Темір тұлпарын жүргізушілік кәулігінсіз немесе уақытша куәліксіз  басқарған жүргізушілер 11 345 теңге айыппұл салынады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x