Режиссер Талғат Жәнібеков ұсталды

Dalanews 29 желт. 2016 01:08 229

Алматыда ірі көлемде мүлікті ысырап ету ісі бойынша айыпталған белгілі режиссер Талғат Жәнібеков ұсталды. Бұл туралы оның адвокаты Серік Айтбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлайды stan.kz  сайты.

Режиссерге 189 баптың 4 бөлімі 2 тармағы бойынша “сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену және ысырап ету” бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу дерегі бойынша, Талғат Жәнібековты 28 желтоқсан күні жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Алматы департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Бұған дейін Жәнібеков министр Мұхамедиұлын пара сұрады деп ашық айыптаған болатын. “Феникс” фильмі авторының айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы түсірілім жұмыстарын аяқтау үшін бақандай 100 мың доллар талап етіпті. Оны тауып бере алмаған соң фантастикалық триллердің түсірілімі біржолата тоқтап, әртістері тентіреп қалды дейді режиссер.

Кейінірек осы іске қатысты қудаланған Жәнібековке айыппұл салынған. Сондай-ақ, бұл дауға “Феникс” фильмінің басы-қасында жүрген Тұңғышбай Жаманқұловтың да қатысы бар. Жағдай кең өріс алып кетіп, Жаманқұлов Еңлік есімді қызды қолдағаны үшін басы дауға  қалған. Кейінірек халық әртісі фильмге бөлінген қаражатты талан-таражға салды деген айыппен ұсталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x