Euronews телеарнасының журналистері ереуіл жариялады

Dalanews 16 желт. 2016 12:18 250



Euronews журналистері 24 сағаттық ереуіл жариялады. Олар телеарна басшылығы жапқысы немесе қысқартқысы келген украин, парсы және араб қызметтеріне осылайша қолдау білдірді.





Ереуіл 15 желтоқсанда түнде басталды. Журналистер, оларды қолдаған техникалық қызмет бұл күні жаңалықтар дайындамайды. Корпорация қызметкерлері басшылықтың қаржы тапшылығына байланысты келесі жылдың сәуірінде украин редакциясын қысқарту туралы жоспарына қарсы.

5 желтоқсанда Euronews журналистері телеарна тарихында бірінші рет ереуіл өткізді. Сол кезде олар басшылықты цензура мен ақпаратты бұрмалап таратты деп айыптады.

2015 жылдың ақпанынан бастап Euronews акциясының жарымы египеттік миллиардер Нагиб Савиристың бақылауына өтті. Кәсіпкер оны Египетке Ресей президенті Владимир Путин келіп кеткеннен кейін сатып алды. Сол себепті журналистер редакция саясаты мен телеарнаның тәуелсіздігіне қатысты қауіптерін жасырмай айта бастады. Қазіргі таңда Euronews акцияларының елеулі бөлігін америкалық NBC News корпорациясына сату туралы келіссөздер жүріп жатыр.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x