"С Днем независимости!": Тәуелсіздік жылдары 3 минут ішінде (видео)

Dalanews 16 желт. 2016 11:52 222

"Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 3 минут ішінде" атты бейнероликті Қазақстан Тұңғыш президент қоры түсіріпті. Ешқандай әсірелеусіз, тек қана әр жылдардағы фотолар арқылы өрнектелген бейнеролик Тәуелсіздік жылдарындағы аса маңызды оқиғалар (Тоқтар мен Талғаттың ғарышқа сапары, тәуелсіздік жариялау, конституцияның қабылдануы, Абайдың 150 жылдығы, шағын ереуілдер) сол шақтан хабар беретін суреттер арқылы берілсе, еліміздегі мәдениет саласы әншілердің (Азия дауысына қатысқан топтар мен Қайрат Нұртасқа дейін) суреттері арқылы сөйлеген.

Сондай-ақ, саяси оқиғаларды да ұмытпаған. "Валют Транизит банкінің қожайыны, түрмеде көз жұмған Андрей Беляев, Виктор Храпунов, бұрынғы Еңбек министрі Серік Әбенов, экс-мәжіліс депутаты Ғани Қасымовтардың есте қалаларлық сәттерін енгізген. Сонымен қатар, Қызылағаш, Жаңаөзен, Алматыдағы террористік әрекеттер де қамтылған.

Бір таңғаларлығы Тұңғыш президент қоры роликтің атауын да орысша қоған әрі соңында "С Днем независимости" деп аяқтаған. "Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!" деген бір ауыз сөз жаза салу қиын емес еді. Онсызда дыбыссыз, тек суреттер арқылы бейнеленген бейнеролик қой...

https://www.youtube.com/watch?v=k3yP1oKEZjk

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x