Ғалымдар Медеуді су тасқынынан қорғаудың компьютерлік модельін жасады

Dalanews 15 желт. 2016 02:45 324

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Математика және механика ҒЗИ ғалымдары Медеудегі судан қорғау нысанының математикалық және компьютерлік модельін жасап шығарды, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Ғылыми жұмысқа техника ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Белгібаев жетекшілік жасағанын айта кетуіміз керек.

Үшөлшемді интерфейсті дайындау барысында ғалым сол жердің ландшафын жан-жақты зерттеген. Тіпті, ірі тастардың қайда жатқанын анықтап, олардың су тасқыны кезінде қалай қозғалатынын да шынайы өмірдегідей бейнелепті. Сонымен қатар зерттеушілер Медеудегі судан қорғау аумағының техникалық жағдайына терең талдау жасап, оны АҚШ, Италия, Перу және Германиядағы дәл осындай судан қорғау нысандарымен салыстырған.

Су тасқыны кезінде су реттегіштің төменгі жағындағы суағар тунелдерге тастар жиналып қалмауы үшін, қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керектігінде есептеген.

Төтенше жағдайдың алдын алу мамандары ҚазҰК ғалымдары дайындаған компьютерлік модельдеу нұсқасы су тасқыны кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып, Кіші Алматы өзенімен қаншалықты суды ағызып жіберуге болатынын айқындап бергенін жоғары бағалады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x