Мақпал Исабекова 1 миллион оқырманы бар Instagram парақшасын сатпақшы

Dalanews 12 желт. 2016 03:53 239

Мақпал Исабекованың Instagram парақшасындағы оқырмандар саны бір миллионға жетті. Осы орайда әнші желідегі парақшасын сатылымға шығарды. Сатылымнан түскен қаражатты Исабекова игі іске жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Аяқ астынан санама бір ой келді. Мұны оқып отырған адамдардың қалай қабылдайтынын білмеймін. Алайда мен миллион оқырманы бар бұл парақшамды сатылымға шығаруды жөн көрдім. Одан түскен пайданы ақшаға мұқтаж бір жанға бермекпін. Ол адамның атын міндетті түрде атап, сіздерге көрсететін боламын. Тек алдымен ойым жүзеге ассын. Өзінің ісін алға бастыру үшін менің парақшамды сатып алғысы келетін жандар табылады деп ойлаймын. Немесе осынша оқырманы бар парақшаны жай ғана иемденгісі келетін жандар бар шығар. Алғашқы бағасы – 1 500 000 теңге. Бұдан да көп ақша ұсынатын жандар табылса нұр үстіне нұр. Өтінемін, мұның астынан бір кір іздеудің қажеті жоқ. Адал ниетпен жасалынып отырған дүние», – деп жазды ол.

Өз сөзінде әнші жаңа парақша ашатынын, жаңа жылды жаңа леппен бастайтынын айтып өтті.

«Менің адамдарым мені тауып алады, оны білемін. Сіздерге деген махаббатпен», – деп түйіндеді сөзін Мақпал.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x