Ердоғанның кортежі ірі жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар (фото, видео)

Dalanews 10 желт. 2016 07:31 296

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның кортежі Ыстамбұлда мемлекет басшысының резиданциясынан Мармара университетіне бара жатқан кезде ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлады kaz.tengrinews.kz порталына Haber TV сайтына сілтеме жасап.

9 желтоқсанда күндіз болған апаттың салдарынан төрт полицей түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Бірнеше көлік бүлінген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Ал Түркия президентінің жағдайы жайлы ештеңе айтылмай отыр.

БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға Режеп Ердоғанның жұма намаздан кейін мешіттен кетіп бара жатқанында болған.

https://www.youtube.com/watch?v=Ya1lHz0acJg

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x