«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті

Dalanews 28 қар. 2016 15:44 371

Қазақстан эстрадасындағы алғашқы топтардың бірі «Нұр-Мұқасан» дуэті ақыры тарап тынды. Топ әншісі Мұқасан Шахзадаев қазіргі таңда Нұрлан Қонысбаевтың қайда және немен айналысып жүргенінен бейхабар екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Астана» телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

– Нұрлан қазір өз шығармашылығымен, мен өз шығармашылығыммен айналысып жатырмын. Бұған дейін де айтылған болатын. Бұл тек Нұрлан екеуміздің арамыздағы әңгіме. Оны жарнамалағым келмейді. 26 жылдың ішінде бір-бірімізді кешірмейтіндей жағдай болған емес, десе де кішігірім түсініспеушіліктер болды. Бір жағы 26 жыл қатты кетпей, шыдап келген сияқтымыз. Қазір Нұрлан жайлы ештеңе айта алмаймын. Бейхабармын. Тосын-сый әзірлеп жатқан шығар, бір күні жарқ етіп шыға келуі де мүмкін. Ол өзі тосын-сый жасағанды жақсы көретін адам, – деді Мұқасан Шахзадаев.

Дереккөзі: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x