Ақтөбеде "Адырна" журналы жарық көрді

Dalanews 28 қар. 2016 09:57 301

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Ақтөбеден «Адырна» атты республикалық әдеби журнал шыға бастады. Алғашқы нөмірі осы бойы қолға тиді! Әзірге 2000 данамен тарайтын 240 беттік жаңа журналдың бас редакторы — Мейірхан Ақдәулетұлы. Мәкең «Адырнаға» тек қана үздік туындыларды жариялаймын деп серт беріп отыр!

Алғашқы нөмірде Дулат Исабековтің сұхбаты, Серік Ақсұңқарұлы, Ертай Ашықбаев, Әділ Ботпанов, Жанна Елеусіз сияқты ақындардың өлеңдері, Светқали Нұржанның «Хан кегі» атты поэмасынан үзінді, Құдияр Біләл мен Аягүл Мантайдың әңгімелері, Таласбек Әсемқұловтың, Мақсат Тәж-Мұраттың, Жұбаназар Асановтың, Бауыржан Бабажанұлының мақалалары еніп отыр. Андрей Вознесенский мен Хуан Рамон Хименестің де өлеңдері қазақша «сөйлеп» тұр.

Айтпақшы 29.11.2016 жылы 15.00-де Алматыда, Жазушылар одағының ғимаратында «Адырнаның» тұсаукесері болады. Ақын-жазушыларды, БАҚ өкілдерін, студенттерді һәм барша тілеулес жандарды сол кешке шақырамыз!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x