"Алаштың Әлиханы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Dalanews 27 қар. 2016 18:43 191

Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 қараша күні "Ғылым Ордасы" кітапханасының конференц залында Алаш ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған "Алаштың Әлиханы" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми конференцияда Мәмбет Қойгелдиев, Уәлихан Қалижан, Айгүл Ісмақова, Нұрлан Атығаев, Хангелді Әбжан, Зәуреш Сақтағанова, Гүлбану Жүгенбаева, т.б. белгілі ғалымдар баяндама жасады.       

Тарихшылар «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп серт беріп, Алаш үшін алтын басын бәйгеге тіккен арыстың өмірі мен қызметіне, оның қазақ халқы үшін еткен еңбегіне ерекше тоқталып, жан-жақты мағұлмат берді. Алашорда үкіметін құрып, Алаш партиясының басында тұрған, еліміздің бостандығы мен еркіндігін тілеп өткен қайраткерді Алаш баласы ұмытпақ емес. Оның мол мұрасы, өнегелі өмірі туралы тарихшылар ХХ ғасырдағы әлемдік тұлғалардың қатарына қосылған Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Келер жылы Алаш партиясының құрылғанына 100 толады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x