Өзбекстанда алдын ала дауыс беру басталды

Dalanews 25 қар. 2016 04:07 204

24 қарашада Өзбекстанда президенттік сайлауға алдын ала дауыс беру басталды. Учаскелер жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 9.30-дан бастады. Дауыс беру мемлекет басшысын сайлау туралы заңға сәйкес 2 желтоқсанда аяқталған, деп хабарлады РИА Новости сілтеме жасап «Егемен Қазақстан» газеті.  

Өзбекстанның тұңғыш президенті екінші қыркүйекте 78 жасқа қараған шағында инсульттен көз жұмған еді. Оның міндетін уақытша атқарушы болып премьер-министр Шавқат Мирзиеев тағайындалған. Сайлау 4 желтоқсанда өтеді. Мемлекет басшысы бесжылдық мерзімге тағайындалады.

Заңға сәйкес әртүрлі себептермен дауыс беру күні сайлауға қатыса алмайтын Өзбекстан азаматтарына алдын ала дауыс беру мүмкіндігі бар. Алдын ала дауыс беру сайлауға дейін он күн бұрын басталады да сайлауға бір күн қалғанда аяқталады.

«Заң талабына сәйкес сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру 24 қарашада басталып, 2 желтоқсанда аяқталады. Сайлаушылар бұл күні сағат 9. 00-ден 18.00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне алады», — деп хабарлады ОСК өкілі.

Өзбекстанның ОСК деректеріне сәйкес сайлау өткізу үшін 9381 сайлау учаскесі құрылды, оның 44-і елден тыс жерде. 21, 435 сайлаушы дауыс беруі тиіс. Елде тіркелген 4 партия мемлекет басшысының орнына үміткерлерін ұсынды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x