«Алматы Тауэрс» кешенінің ғимараты өртке оранды

Dalanews 06 қар. 2016 16:26 202

Алматыдағы "Алматы Тауэрс" кешенінің ғимаратында өрт шықты деп хабарлайды куәгерлерге сілтеме жасай отырып NUR.KZ порталы.

Бүгін сағат 18:04-де Алматы ТЖД-не Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп, ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша ақпарат кейінгі уақытта хабарланатын болады деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде 5 қабатты ғимараттың шатыры өртке оранған еді. Өрт төменгі қабатта орналасқан мейрамхананы да жалмауы мүмкін деген қауіп бар. Қазіргі кезде 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Куәгерлер оқиға орнынан редакцияға видеолар жолдап жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x