Алматыда жоғалған жігіт 12 күн бойы компьютер клубында болған

Dalanews 28 қаз. 2016 05:56 259

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалған жігіт 12 күн бойы компьютер клубында болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның анасы Гүлбану Қосылбекова айтып беріпті. 

«Ол кеше, түнгі сағат екіде табылды. Әуезов аудандық ІІБ Алматыдағы барлық компьютер клубын аралап жүріп, тапты. Ол сонда ойнап отырған», — деді Гүлбану Қосылбекова.

Оның айтуынша, жігіт фотоаппаратты ломбардқа өткізіп жіберген. «Сол ақшамен қыдырып жүрген. Кейін ақшасы бітіп, біреудің киімдерін киіп жүрген, жаураған. Содан балалар оған ақша берген. Осындай жағдайға дейін жеткен. Сіздерге өтінішім бар — бізге осындай компьютер ойындарына құмар адамдармен жұмыс істей алатын психолог керек», — дейді әйел.

22 жастағы Ханапия Қосылбеков 16 қазанда жоғалған. Жігіт түстен кейінгі уақытта Canon фотоаппаратымен кетіп, содан бері оралмаған. «Ол — жалғызым! Екеуміз ғанамыз! Маған көмек керек, оны 16 қазаннан бері көрмедім, қайда екенін білмеймін. Бүйрегі ауырады, көру қабілетін минус 5. Оның қолында қымбат фотоаппарат бар еді, сол үшін баламды біреу-міреу бәлеге ұшырата ма деп қорқып отырмын. Мен полицияға хабарластым, бірақ олар әлі де ештеңе тексермеген!», — деген еді жігіттің анасы Гүлбану Қосылбекова зар илеп.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x